Танымал блогер Әсел Асқар жастар арасындағы ішімдік ішудің қатерлі зардаптары туралы айтты, деп хаба...
«Жанқоштың адамдары қолымды сындырып, телефонымды ұрлады»: Әнару Құрманалиева желіде тараған арсыз видеоларға пікір білдірді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әлеуметтік желідегі парақшасында Әнару Құрманәлі өзіне қатысты айтылып жатқан дүниелерге жауап жазып, үндеу жасады деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .
“Ал енді менің тәрбиемнің басына келетін болсақ… Анам өте жақсы, адал, таза, ақылды адам… Оның қандай екенін бүкіл Қазақстан біледі.
Анам бар өмірін жақсылыққа, адалдыққа, адамдарды өсіруге, дамытуға, көтеруге арнады… Анам үйден шығармай, 24/7 қарауында ұстады. Таза үйдің қызы болдым.
Кішкентайымнан үйдің тірліктерін жасап, тамақ пісіріп, тіпті базарға 8-9 жасымнан бастап 5-10 келі азық-түлікті көтеріп, сауда жасайтын едім…
Әр дайым Анамның жанындағы кішкентай қолғанаты болып өстім. Кейін 11-сынып бітіріп Алматыға оқуға түстім… Сол Алматыға бармауым керек еді. Мен Алматыға кеткеннен кейін 3і курсқа өтіп, оқуымды бастап жатырған уақытым болатын…
Оралда қалып Анамның жанында болған кезімде Анам ауырмас еді. Қас-қағым сәтте 3-4 айдың ішінде 2016 жылы ауруы белгілі болып. Қанның қатерлі ісігі, лейкоз яғни (множественная миелома) диагнозына шалдығып, Анамнан 20 жасқа енді келген шағымда айрылып қалдым…
Анамнан айрылғаннан кейін Жанхошқа ұшырап жетімдіктің, бақытсыздықтың, әділетсіздіктің не екенін түсіндім!
Ал енді іске келетін болсақ. Сот ісі әлі жүріп жатыр… Адвокаттарым өз ісін өте тиянақты, кәсіби түрде орындауда… Енді қалғаны Алланың еншісінде…
Анамның әруағы қорғап келеді… Көрмеген азабым жоқ, соның барлығынан аман есен келе жатырғаным аппақ жүрегім мен Алланың, анамның қорғауында болғанымның белгісі деп білемін…
Ал енді желі ішінде менің өмірімде 1-2 рет шалыс басып арсыз сипаттағы видеоларымды жариялаған адамдарға айтарым… Оның көбісі жасы ересек адамдар мен ана болып, сәби дүниеге әкелген адамдар да бар екен арасында…
Бұл видеоны салудағы мақсатыңыз не?! Алладан қорықпайсыз ба? Өзіңіз де дап – дардай әйел екенсіз қыз өсіріп отырсыз…
Менің түрім 28 де болғанмен ойым әлі 18 жасар қыздыкіндей… Аңғалдығым мен ақкөңілділігім бар… Бұл видеода әдейі арандатушылық жасап, 2 қыз футболкамды жыртып түсіріп алған…
Жанхошқа арыз жазып, күйзеліс жағдайында жүрген кезім. Өзім одан бір емес бірнеше рет зорлық көріп, әбден күйзеліске түсіп кеткен уақытым болатын… Қолым 2 жерден сынып, телефоным ұрланып, Жанхоштың адамдары аңдып менің соңымнан түсіп соққыға жыққаннан кейінгі болған жағдай еді бұл… Осы Жанхош деген алаяқпен жолыққалы бері көрмеген азабым жоқ…” деп жазды Әнару Құрманәлі өзінің парақшасында.