Айқын Төлепберген: “Қазір кім көрінген уағыз айтатын болған”

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
2335

Әнші Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas бағдарламасына берген сұхбатында шоу-бизнестегі дінге бет бұрған әріптестері туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап.

Әнші сөз арасында өзінің экс-продюсері Эрик Тастембековтің де діни жолға түсіп, тіпті осы себептен тойына келмегенін атап өтті.

«Дінге қатты бет бұрып, әншілікті тастап кеткен әртістер бар. Бірақ 5-6 жылдан кейін олардың қайтып келетініне сенімдімін. Алайда сахнаға қайта оралу қиын болады. Тіпті менің бұрынғы продюсерім Эрик Тастембеков осы себеппен менің тойыма келген жоқ. Айтуынша, бұл - харам. Бірақ бұрында ол кісі мүлдем басқа болатын. Музыкаға тыйым дегенді түсінбеймін. Меніңше, бұл сәл теріс ағымның ұстанымы. Қазір кім көрінген уағыз айтатын болған. Бұны заңмен реттеу керек деп ойлаймын.Тіпті домбыраны харам дейтіндер бар. Оны қалай харам деуге болады? Құдай музыканы жаратты, яғни музыка болуы керек», - деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...