«Бір-ақ сәтте мүсәпір етіп...»: Гүлзира Айдарбекованың бауыры ауруханаға түсті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
449

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасында болған қиын жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Продюсердің айтуынша, туған інісі денсаулығына байланысты ауруханаға түскен. Осы жағдайдан кейін ол өмір мен денсаулықтың қадірі туралы ой бөлісті.

«Бүгін бауырым ауруханаға түсіп, біраз уақыт емханада өткіздім. Алла адамды бір сәтте-ақ әлсіз күйге түсіре алады екен. Ауруханада өмір үшін күресіп жатқан қаншама адамды көріп, тәубеме келдім», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова күннің ысуына байланысты денсаулыққа мұқият қарауға шақырды. Оның айтуынша, жаз мезгілінде қан қысымының көтерілуі мен қанның қоюлануы жиілейді.

Продюсер оқырмандарына денсаулықты күтіп, дәрумендер қабылдап, өз жағдайына бейжай қарамауға кеңес берді.

«Өзіңізден басқа ешкімге сіздің денсаулығыңыз қажет емес. Ата-аналарымыздың “өмір жалғаса береді” деген сөздерінің растығына тағы бір көзім жетті», – деп түйіндеді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...