Актриса Әсел Асқардың жарнамасына сенген қыздың беті бөртіп кеткен

Фото: sn.kz коллажы

Шоу-бизнес
1200

TikTok желісінде блогер Әсел Асқардың жарнамасына еліктеп, соңында бармағын тістеп қалған бойжеткеннің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бет-аузы бөртіп кеткен бейтаныс қыз:

«Әсел Асқардың рекламасы қатты жүрді. Соны алып жаға бастадым. Жағуды қойғаным сол еді, бетім осылай болып кетті. Блогерлерге сеніп, бізге қанша адам іздеп келді осыны, санын айта алмаймын. Енді мұны қалай емдетемін, кімге барамын?!»,– дейді әртіс, блогер Әселдің сөзіне сеніп, косметикалық өнім тұтынған адам. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі, әр продукт әркімге әртүрлі әсер етеді, тексеріп алуың керек еді деп жатса, бірі танымал адамдардың жарнамасына сенбеу керегін, олар өздері қолданып көрмей алдап мақтайтынын, үнемі осындай жағдай болатынын жарыса жазуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызды алып қашу қазақ дәстүріне жатпайды. Бұл түсінік кеңес дәуірінде қалыптасып, кейін қате түрде &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер б...