«Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз»: Дариға Бадықова мәлімдеме жасады

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
117

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке бақыт пен тағдыр туралы жазба жариялап, көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Өнер иесі әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар екенін айтып, өзгенің өміріне төрелік етпеуге шақырды.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған», – деп жазды актриса.

Дариға Бадықова өз жазбасында ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін де ашық жеткізді.

«Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деді өнер иесі.

Актрисаның бұл жазбасынан ол жұрттың пікірінен гөрі адамның жеке бақыты мен жан тыныштығын жоғары қоятынын аңғаруға болады.

Дегенмен Дариға Бадықова жазбасында нақты қандай жағдайға байланысты мұндай мәлімдеме жасағанын ашып айтпаған.