Қазақстандық рэпер Дархан Жұмабекке қатысты жаңа мәлімет жарияланды. Көпшілікке Кисло-Сладкий лақап...
Алып шар тесіліп қалды: Канье Уэстің концертін шегеруіне нақты себеп белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден
Америкалық рэпер Канье Уэстің Алматыдағы концерті ауа райына байланысты бүгінге ауыстырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Концерт бастапқыда бүгін, 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтуі керек болған. Ұйымдастырушылар шешімді жаңбырға және ауқымды сахналық конструкциялардың қауіпсіздігіне байланысты қабылдаған.
Атап айтқанда, концерттің негізгі визуалды нысаны саналатын алып сфералық конструкцияның беті жаңбырдан кейін тайғақ болуы мүмкін. Бұл әртістің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі ықтимал.
Канье Уэст Алматыға концерт қарсаңында ұшып келген. Оны әуежайда қазақтың ұлттық киіміндегі өнерпаздар дәстүрлі билермен қарсы алған. Әуежай маңына рэперді көруге ондаған жанкүйер жиналды.
Концертке дайындық бірнеше апта бұрын басталған. Шоу үшін Қазақстанға 15 жүк көлігімен 100 тоннадан астам техникалық жабдық жеткізілген. Оның ішінде жарық, дыбыс және сахналық құрылғылар бар.
Ұйымдастырушылар концертке 30 мыңнан астам көрермен келеді деп күткен.