Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев Назарбаев университетте өтіп жатқан халықаралық форумда су салас...
Демалыс күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады
Фото: ЖИ
120
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Кей өңірлерде көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің шығысында қалың қар жауады. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Бірқатар өңірде боран соғып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
30 қарашаға қарай түнгі ауа температурасы елдің батысында 5–12 градус, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 10–18 градус аязға дейін төмендейді.
Шығыс өңірлерде түнде 7–12 градус, ал таулы аудандарда 15–20 градус аяз болады.