Әнші Балжан Бидаш ұнататын жігітінің фотосын көрсетті

Фото: madeniportal.kz коллажы

Шоу-бизнес
1054

Көп уақыт үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Балжан Бидаш жаңа әндерімен ғана емес, әлеуметтік желіде бөліскен әрбір фото, видеосымен де үлкен талқыға түскені белгілі. Айкерім Есенәліге берген сұхбатында әнші фантазиясындағы жігіттің түрін көрсетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алғаш рет жеке сұхбат берген әншінің жігіттерге қоятын талабы көп емес, дегенмен үлкен екен. Ол жігіттің табысы өзінікінен көп болу керектігін баса айтып өткен. Сұхбат барысында кез-келген арудың фантазиясында бір жігіт болатынын айтып, өзінің идеалындағы ер азаматтың фотосын анық көрсеткен. Ол суретте Балжан Бидаштың талаптарына сай келетін келбетті шетелдік актер жігітті көруге болады. Әнші өзінің шынайы махаббатты армандайтынын, әлі сезініп көрмегенін де айтып өтті. 

Айта кетейік, әншінің Америкаға барып келген сапары туралы айтқанда, “Shynaiy” подкастында Балжан Бидаш шығармашылық адамдарына кеңес беріп те өтті. 

“Америкаға бару бала кезден арманым болатын. Сол арманымды жүзеге асырдым. Сол жақтағы деңгейлерді көрдім. Жалпы, әр шығармашылық адамына Америкаға барып қайтуға кеңес беремін. Сол кезде Қазақстанда қай деңгейде жұмыс істеп жүргеніңді түсінетін боласың. Америкада жүргенде жоғары деңгейді сезінесің, масштаб бар”. 

Сондай-ақ, Балжан Бидаш жақында шығарған жаңа әнін де Америкада жүріп тыңдап, тыңдарманға ұсынуға шешім қабылдағанын айтып өтті.