“Киіз үйде отырамын, ойланамын, шәй ішемін”: Баян Мақсатқызы ауласындағы киіз үйін көрсетті

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
2991

Танымал продюсер Баян Алагөзова үйінің ауласындағы әдемі киіз үйді таныстырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Елімізге танымал продюсер қазақша үй киіз үйді көрсетіп, өзінің кейде сол жерде отырып шәй ішетінін, ойланатынын айтып, бір жағынан оқырмандарына “маған сен қазақ емессің, сен орыс болып кеткенсің деп ұрысады” деп назын да білдірген. 

“Бізде мынандай қазақтың үйі бар. Осы жерге келемін, отырамын, ойланамын, шәй ішемін, жатамын. Маған көбісі сен қазақ емессің, орыс болып кеткенсің деп ұрысады. Бірақ менде мынандай үй бар. Маған керек ол. Мен сәлем салмаймын, бірақ мынандай үйім бар. Мен үшін бұл үй қымбат, жүрегіме қымбат, жаныма қымбат”. 

Баян Алагөзованың көрсеткен киіз үйінің іші кең әрі қазақи, ұлттық нақыштағы заттармен толық жабдықталғанын көруге болады. Қазақша ағаш сандық, шапан, бөрік, қазақ батырларының саймандары мен батырдың картинасы, оюлы көрпе-жастық, не керектің бәрі бар әдемі киіз үйін продюсер толығымен қазақша сөйлеп таныстырып шыққан. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...