Әнші Қайрат Нұртас ТМД елдерін аралып концерт қоймақшы

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1380

Танымал әнші Қайрат Нұртас ТМД елдерін аралап, концерттік тур жасауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, жақын уақытта Қайрат бірнеше ТМД елінде өнер көрсетеді.

Жақында Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасымен бірге Түркиядағы демалысынан видео жариялады. Ол жазбасында демалыстан бөлек, Қайраттың командасы іскерлік кездесулер өткізіп, маңызды ұйымдастыру мәселелерін шешіп үлгергенін айтты.

"Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік", - деп жазды Айдарбекова.

Сол жазбада Гүлзира Айдарбекова жоспарларын да бөлісті. Оның айтуынша, гастрольдік кесте 18 мамырдан басталады:
    •    18 мамыр — Қырғызстанға;
    •    20 мамыр — Ташкентке (Өзбекстан);
    •    Әрі қарай — Ресейдің бес қаласына гастроль.

Дегенмен, әншінің Ресейдің нақты қай қалаларында өнер көрсететіні әзірше белгісіз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...