Ұланғасыр Қами оқырманның сұрағына жауап беремін деп басы дауға қалды

Фото: ulysmedia.kz

Шоу-бизнес
721

Facebook-та Саида Кастанеда (Саида Сисембаева) атты азамат ІІМ әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен іс қозғамағанын хабарлады. Әнші оның алдында "күйеулер қазір әйелдерін хиджаб кимеген үшін өлтіреді" деп мәлімдеген еді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

"Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Ұ.Камиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын", – деп жазды Саида Сисембаева Facebook-те. 

Саида Сисембаева жазбасымен қоса жариялаған ресми жауабында арыз қаралып, номенклатуралық өндіріске шығарылғаны жазылған.

"Камиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында диалог жүргізіп, жазылушылар қойған сұрақтарға жауап берген. Осылайша ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды", - делінген ІІМ-нің жауабында.

Әнші Ұланғасыр Қамиев әлеуметтік желіде хиджаб кимеген әйелдерді күйеулері өлтіреді деген мәлімдемесінен кейін сынның астында қалған еді.

«Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің барлығы - хиджаб кимеуден басталады. Ұстаздар бұны баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, одан кейін оған басқалары қызығады, оны күйеуі естіп, барып өлтіреді», - дейді әнші.

Ол «хиджаб арабтардікі, неге адасасыңдар?» деген сұраққа жауап бере келе нағыз мұсылман әйел басын кесіп алса да бұл киімнен бас тартпайды дегенді меңзеген. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...