Араға 10 жыл салып сахнаға қайта оралған Сырым Исабаев

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
742

Бір кездері өнер әлемінде жарқ еткен, алайда кейін көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында 10 жылдан бері немен айналысқанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Әнші өнер саласында жүргенде негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеу туралы ой үнемі толғандырғанын жасырмады. 

"Негізі мен бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын оқығанмын. Бірақ қосымша вокалдық білімді алып жүріп, өнер ордасына қалай келгенімді өзім түсінбей қалдым. Мектепте дауысым бар екенін мұғалімдер үнемі сездіртетін, сондықтан әнші болу да менің балалық арманым болды. Сөйтіп өнерге қадам алғаш рет 2005 жылы жасалды. Өнерім шыңдалды, халыққа өнерімді көрсетіп, біртіндеп-біртіндеп жоғары деңгейге көтеріліп, қолдан келгенше талғамымызбен ән таңдап, халыққа жақсы әндер сыйладым деп ойлаймын", - деді ол.

Өнер иесі бүгінде танымал әнші Қайрат Нұртаспен бірге жұмыс істеген кезін есіне алды.

"Қайрат Нұртаспен де ән айттым, Қайрат екеуміз жақсы жолда жолықтық, оның өзінің жеке екі әні болды, менің екі әнім бар еді. Солай Шымкентте "Оңтүстік жұлдыздары" бағдарламасында екеуміз жарыстың соңында дуэт айтып, алдыңғы қатарға шықтық. Жақсы жұптасып, бір жыл ішінде екеуміз де халықтың көңілінен шыға білдік. Одан кейін 3 жыл бойы Қазақстандағы ауыл-қалаларды араладық, Қырғызстан, Моңғолия секілді шетелдерге шығып, өнер көрсеттік. Сол кезде өзімді жеке көрсетейін деп "Алып қашу операциясы" фильмін түсірдім", - деді ол.

Әнші осы уақыт аралығында бірнеше кәсіп ашып, ісін дөңгелетіп отыр.

"Осылай жүргенде мамандығымды тастап қоймайыншы деген ой келді. Мен 14 жыл бойы жақсы оқуға тырыстым, арман-мақсат қойдым, соны 10 жылдың көлемінде 70-80 пайызға асырдым деп ойлаймын. Халыққа қызмет көрсету кәсібін аштым, екі демалыс аймағын салдым, жасөспірімдерге білім беру және сауықтыру кешенін аштым. Осы бағытта шетелмен де жұмыс істедім. Өнер қандай қызық болса, кәсіп те тура солай қызық. Негізі әнді орындағанда біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді, мұқтаж болмай, жүрегіңдегі бере алу үшін мына заманда қаражатың түген болуы керек. Сонда ғана арманыңа жетесің, ән жазғанда хит болсын деп жеңіл сөздермен емес, ойыңдағы дүниені беруге тырысасың. Мамандығың бойынша жұмыс істеу іштей үнемі толғандырып жүреді екен", - деді әнші. 

Жаңалықтар

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азама...

Жаңалықтар

Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандард...