«Атхамбектің өзі ұялып отыр»: Мәдина Сәдуақасованың биі жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
974

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың биі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесінің билеген сәті түсірілген видеоны Атхамбек Юлдашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Желіде тараған бейнежазбаға қатысты оқырмандар түрлі пікір білдірген. Әсіресе әншінің ер адамдардың алдында билегенін сынағандар көпшілік назарына ілікті.

«Эх, Мадиночка, өзбек салтында ер азаматтардың алдында тұштаңдап билеу бейәдеп, жеңіл жүрісті әйелдер болып есептеледі. Сенің мына отырысыңнан Атхамбектің өзі ұялып отыр», – деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман әншінің биіне таңданысын жасырмаған.

«Мәдина өзі көрді ме екен мына видеосын? Ужас!», – деп пікір қалдырған ол.

Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары өнер иесінің әрекетін ұлттық тәрбие мен әдеп тұрғысынан сынға алған.

«Мынау не отырыс? Ырбың-ырбың етіп, қазақтың қызына жарасымды дүние емес, қандай жағдай болса да», – деп жазған тағы бір оқырман.

Осылайша, Атхамбек Юлдашев жариялаған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әншінің биіне қатысты сын-пікірлерге себеп болды.

Әзірге Мәдина Сәдуақасова аталған пікірлерге қатысты көпшілік алдында жауап берген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен королева Матильда Астанадағы салта...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы, кәсіпкер Гүлнар Досаева жаңа компания тіркеді. DOS...