«Асаба кезінде жақсы еді»: Меруерт Түсіпбаева Мақсат Толықбайды қатаң сынға алды

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
172

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева экс-депутат, журналист Мақсат Толықбайды сынға алып, оның мәлімдемесіне күмәнмен қарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Ол көпіріп сөйлеп, аузымен орақ оратындардың Құрылтайға баруына қарсылық білдірді.

«Мақсат кезінде жақсы тамада еді, негізі. Вот сол кезде, өз орнында еді. Ал, енді мынандай ой- өріспен, IQ — мен қалай Парламентте депутат болды талай жылдар бойы?? Осы Мақсат /Ринаттар қандай мәселе көтерді? Халықтың жоғын жоқтады ма? Мен білмесем, жазыңдаршы? Кино түсуруге келген Джеки Чаннан Ақтау халқы неге су сұрады? Осы Мақсат сияқтылар не үшін депутат болдым, қандай мақсатпен деп ойлай ма?! Блогер-шмогер, әнші/күйші, спиртсмен. Ауызымен орақ оратын ақын-журналюги керек емес Құрылтай-ға . Әркім өз орнын білсін !! Мақсат кезінде жақсы тамада еді , негізі», — деп сынға алды Меруерт Түсіпбаева.

Еске салайық, бұған дейін Мақсат Толықбай «Мұзарт» тобына алып аллея ашып, ескерткіш орнату керек, салынатын тұрғын үй кешеніне детоптың атын беру керек деген еді. Оның бұл сөзі қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушылары экс-депутатты арзан атақ пен хайп қуған деп сынға алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы жарысқа бара жатқ...