«Бетім салбырап қалды»: Алтынай Жорабаева келбетіндегі өзгерістің себебін айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
746

Танымал әнші Алтынай Жорабаева соңғы уақытта сырт келбетінде болып жатқан өзгерістерге байланысты тыңдармандарының сауалдарына жауап беріп, себебін түсіндірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желілерде көптеген қолданушылар әншінің бет-әлпеті салбырап қалғаны байқалатынын айтып, сыртқы бейнесін қызу талқылай бастаған.

Өзінің видеосында Алтынай Жорабаева мұндай өзгерістер жасына байланысты әрі күрт салмақ тастауының әсерінен болғанын жеткізді.

«Бетің салбырап қалыпты, көзіңді неге олай жасадың, бұрынғы келбетің әдемі еді ғой деп 20-25 жыл бұрынғы Алтынайды менімен салыстырады. Мен қазір 50-ге жақындап қалдым ғой. Біріншіден, 37 кг салмақ тастаған адам, екіншіден 50-ге жақындағаным бар, бетім енді салбырайды ғой. Жайлап жаттығулар жасап жүрмін, оның әсері енді болады. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін бе? Маған ол комфорт емес, артық салмақ кімге жағады? Ешкімге жақпайды, денсаулыққа өте зиян, өзіңізді жеңіл сезіну үшін, салмақ тастаңыз, энергияңызды көтеріңіз. Мүмкін бетімді тарттырып, жасатып қалуым да мүмкін, ол жағы әзірге белгісіз», – дейді әнші. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...