Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова желіде қарыздан құтылу жолдарын көрсетемін деп, елдің сын...
"Баян ханым екеуіміз ең көп айтқан ән": Ерке Есмахан жаңа туындысын жария етті (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден алынған
Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа әнімен қуантпақ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
"Мені үлкен сахнаға жетелеген, қолдау көрсеткен алғашқы продюсерім, жанашырым. Кейінгі жылдары Баян ханым және менің ең көп айтқан әніміз бесік қасындағы «Әлди-әлди» болды. Өмірдің әдемі сәйкестігіне қараңызшы… Дәл қазір екеуміз де тәп-тәтті ұлдар мен қыздардың анасымыз. Ана болу бақыты әр әйелге бұйырсын!", - деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ ол танымал продюсердің үйінде қонақта болған. Ал кетерінде Баян Алагөзованы қыздарымен бірге видеоға түсіріп алған. Кейін сол бейнежазбаны жаңа әнімен әрлепғ әлеуметтік желіде жариялаған.
"Сәтті ән болайын деп тұр", “Әлди” әндерінің де сапалылары көп те емес қой, солардың бірегейі Жазира Байырбекованың әлдиімен ұйықтатамыз. Сіздің ән шықса, ол да бір керемет бесік жыры болары сөзсіз. Ерке қызыма Ерке апасының әнін айтып ұйықтатын боламыз", "41 жасымда, тағы да “әлди” деп айту бұйырсын маған да" деп жазды желі қолданушылары.