«Жан-жаққа кеткеніміз рас»: Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобының сырын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1632

Әнші Бағлан Әбдірайымов өзі өнер көрсетіп жүрген «Жігіттер» тобына қатысты шындықты айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Шоу-бизнес өкілі қазіргі кезде топтың шығармашылығы бәсеңдеп қалғанын мойындады. 

«Батыс пен Шығысқа бір-екі концерттерге қатысып келдік. Десек те ол жеткіліксіз. 22 жылдан бері сахнада келе жатырмыз. Бүгінде топтың қарқыны баяу екені жасырын емес. Айдар қыз ұзатып, сүндет тойға арнайы әндер жазып кетті. Одан кейін Шымкентте көшіп кетті. Мырзахан тендер бойынша кәсіп бастап жатыр. Ердос қайырымдылық қорларға қатысып, сол салада жүр. Жан-жақта кеткеніміз рас. Бірақ бұл топ тарады дегенді білдірмейді. Бізді іздейтін халық көп. Айдар әзіл-шыны аралас: «Бөлек кетсек те, қайда кетеміз» дейтін. Сол секілді бірге жүруді жаза берсін. Өзімнің киномның саундтрегін «Жігіттер» тобы орындайды. Өте керемет туындыны жарыққа шығардық деп ойлаймын», – деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...