Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Нұр-Сұлтанда өтет...
“Ақкөңілдігім бәрін құртты”. Нұрлан Еспанов атақ алмауының себебін айтты
Фото: инстаграм парақшасынан
Белгілі әнші Нұрлан Еспанов "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағы неге алмағаны туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Әнші әрі сазгер Нұрлан Еспанов "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өнер адамдарының арасында неліктен өзінің атақ алмағанын айтып өтті.
"Менің ақкөңілдігім бәрін құртты. Бір үлкен азаматымызға: "Сіздер мені 10 жыл алдадыңыздар ғой. Неше түрлі қағаз жинаттыңыздар. Неге мені өздеріңіз іздемейсіздер?" - дедім. Мен сіздер үшін көп нәрсе тегін жасадым ғой", - деді Еспанов.
Нұрлан Еспанов 10 жыл бойы "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағын ала алмағанын айтты.
"10 жыл уәде берді ғой. Менен 10 жас, 20 жас, бір күні 30 жас кіші балалар "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алып жатты ғой", - деді өнер иесі.
Сұхбат барысында Нұрлан Еспанов үлкен қызметке де талпынып көргенін, бірақ оның қалай аяқталғанын ашық айтты.
"Сенің географияң келгенімен, биографияң келмейді" - деген сөз айтылды", - деп қорытындылады ол.