«Бала асырап алайық деді»: Танымал блогердің әйелі жан сырын ақтарды

Фото: Pixabay

Шоу-бизнес
125

Блогер Елдос Қадырхановтың жары Таңшолпан Шотаева күйеуінің диагнозын алдын ала білгенін және соған қарамастан тұрмысқа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол “Мамский әңгіме” подкастына берген сұхбатында 9 жыл бойы ана атанатынына сеніп, үміт үзбегенін айтты.

“Мен осы уақытқа дейін оған бала болады деп айтатынмын. Үміт болды. Ол маған диагнозы туралы басында айтқан кезде жас қызбын, ол тақырып туралы онша білмеймін. “Қазір медицина дамыған, қорқатын ештеңе жоқ, ЭКО деген нәрсе бар, болады” дедім. Неге екенін білмеймін, бірақ мен сендім. Мен ол адамға бала үшін тұрмысқа шықпаймын ғой. Өзім сүйдім. Адам сүйгеннен кейін бәріне дайын болу керек деп ойлаймын. Оның баласы болмайды екен деп бұрылып басқа адамға кетпеймін. Соңына дейін бірге барамыз деп қол ұстастым”, — дейді ол.

Ол күйеуі тарапынан бала асырап алу туралы ұсыныс болғанын да жасырмады.

“Тұрмысқа шыққаннан кейін біраз емделдік. Болмайды деген кезде Елдос бала асырап алайық деп айтты. Ол кезде мен “Іштей дайын емеспін, ол магазиннен сатып алатын зат емес. Оған ішкі сезімің ашық болып, шын ниетпен қабылдауың керек. Сәл күте тұрыңыз бізде өзіміздің баламыз болады” дедім. Ол сенім қайдан келгенін білмеймін. Әйтпесе 9 жыл аз уақыт емес. Біреуге аз, біреуге көп. Біраз нәрсені көрдік. Сол 9 жыл бойы мен “бұйырса болады” деп келдім. Шүкір, сол ниетімізге жеттік”, — дейді Таңшолпан Шотаева.

Сондай-ақ, Таңшолпан Шатаева баланың жынысын таңдамағанын да тілге тиек етті.

“Баланың жынысын таңдаған жоқпыз. Біз бір балаға зар болып жүрген адам болғаннан кейін таңдағанымыз өте қате деп түсіндік. Алла тағала кімді берсе де біз разымыз. “Аллам, бір бала берші” деп айтып жүрген адамға өте дұрыс емес деп ойлаймын. Кімді берсең де, қанша берсең де шүкір деп жүрген адамбыз. Содан кейін біз кімді салғанын да білген жоқпыз. Аяғым ауыр кезде гендер патиға дейін жолдасым қыз деп ойлап, есім іздеп жүрді. Ұлды мүлде ойлаған жоқ. Мен екі рет түсімде ер бала көрдім. Ұл екенін білгенде Елдос таң қалды. Қызды қатты күтті. Пендеміз ғой, енді қыз болса деп жүрміз. Бір баланы аңсап жүрген адам едік, бола берсе екен дейміз. Енді қызды аңсап жүр. Құдай қаласа жетеміз деп ойлаймын”, — дейді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар қаласында кәсіпорындардың бірінде кран машинисі 15 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды...

Шоу-бизнес

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының өмір салты мен...