Канье Уэсттің концертінде қазақ тілін қолданбаған ұйымдастырушы жауапқа тартылды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
118

Алматыда өткен америкалық рэпер Канье Уэсттің концертінде LED-экрандағы хабарламалар қазақ тілінде көрсетілмегені үшін ұйымдастырушы компанияның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Мұны журналист Айбар Олжай Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, концерт кезінде көрермендерге арналған LED-экрандағы ақпараттар мемлекеттік тілде берілмеген. Ол осыған байланысты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасына шағым түсірілген.

Нәтижесінде First Media Group компаниясының директоры Альфия Ерсұлтанқызы Нұрғұмароваға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

"Алматыдағы Канье Уэст концерті бойынша LED-экрандағы хабарламалардың мемлекеттік тілдегі нұсқасының болмауына байланысты @firstmediagroup директоры Нұрғұмарова Альфия Ерсұлтанқызына қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сол кезде жолданған өтінішке Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасынан осындай жауап келді. “Заң және Тәртіп” жүйесі нақты жұмыс істейді", – деп жазды Айбар Олжай. 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес, деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру талаптарын алғаш рет бұзғандарға ескерту жасалады. Яғни бұл жағдайда айыппұл қарастырылмаған.

Ал осындай заңбұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған екі адамға сот үкімі шықты. Қылмыстық іс бойынша заңс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балқашта «Қазақмыстың» Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен Бақылау кеңесінің төрағасы...