“Алғашқы клипін түсіруге бел будық”. Бүркіт пен Айша сүйінші жаңалығын бөлісті

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1929

Танымал қазақстандық әншілер Бүркіт пен Айшаның тұңғышы Зейннің өнердегі алғашқы қадамы көпшілікті қызықтырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әнші Бүркіт бұл жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті. Ол баласының музыкалық талантымен ерекше даусына елдің ықыласы ауғанын атап өтіп, жеке бейнебаян түсіруге шешім қабылдағандарын айтты.

«Зейіннің алғашқы клипін түсіруге бел будық. Таңнан бері осындамыз. Жақында «Шайхана» бейнебаяны жарық көреді», – деп жазды әнші Instagram-дағы видеосында.

Желі қолданушылары жұлдызды балақайға қолдау білдіріп, оның алдағы өнердегі және шығармашылық жолына сәттілік тілеп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...