«Балалар әкесіз жүр»: Қайрат Әділгерейдің әйелі өткір пікір айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
193

Танымал актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман отбасылық жауапкершілік, некесіз дүниеге келген балалардың тағдыры және ата-ананың міндеті туралы пікір білдірді. Өнер иесі ер азаматтарды әрбір баласы үшін жауапкершілік алуға шақырып, қыз-келіншектерге де ой салатын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші қоғамда әкесіз өсіп жатқан балалар мәселесін көтеріп, ұрпақ жалғастыруға жеңіл қарамау керектігін айтты. Оның сөзінше, әрбір ер азамат өзінен тараған ұрпақтың тағдырына жауапты болуы тиіс.

Сонымен қатар Бақыт Тұрман әйелдерді ана атанбас бұрын болашақ баласының тағдыры мен әкесінің жауапкершілігі туралы терең ойлануға шақырды.

«Жігіттерге айтарым, сіздер өздеріңізді ар-намысы бар, ұяты, күш-жігері бар мықты ер азамат деп санайтын болсаңыздар, өз ата-бабаларыңыздың жолын жалғаушы, жанұяңыздың жалғастырушысы ретінде сізге берілген ұрықты айдалаға шаша бермеңіздер! Және әрбір өзіңізден шыққан ұрыққа жауапты екеніңізді әрқашан ұмытпаңыздар! Мынау не деген сұмдық? Әрбір әйелде еркектен қалған балалар әкесіз жүр.

Ал қыздарға айтарым одан да қатты. Бір апамыз «Салақтықтан туып жатқан бала» деп айтқан. Салақтықтан баланы туып қалмаңыздар! Кімнен туып жатқаныңызды, кімнің ұрпағын көбейтіп жатқаныңызды өзіңізден сұраңыз. Сіздің туып жатқан балаңыз сол адамның ұрпағын жалғастыруға керек пе деп бірінші сұраңызшы. Біз бәріміз жаратылысымыз сондай болған соң мысықша туа береміз. Бірақ ол сіздің ахуалыңызды көтере ме? Сіз кім үшін туып жатырсыз? Соны көп ойланыңыздар», – деді әнші.

Бақыт Тұрманның пікірінше, бала тәрбиесі мен оның болашағына қатысты жауапкершілік тек әйелге ғана жүктелмеуі керек. Ер азаматтар да өз әрекетінің салдарын түсініп, дүниеге келген әрбір баласының алдындағы міндетін сезінуі қажет.

Өнер иесі ата-ана болу мәселесіне саналы түрде қараудың маңызын атап өтіп, ерлер мен әйелдерді болашақ ұрпақтың тағдырына бейжай қарамауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

OpenAI компаниясы ChatGPT пайдаланушыларының жеке әңгімелерін қорғауға арналған жаңа функцияны е...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қысқы шинаны 1 желтоқсаннан бастап 1 наурызға дейін пайдалану міндетті. Осы кезеңде жазғ...