Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсі...
Әнші Тұрар Ыдырыс: “Менің әйеліме ештеңе демейсіңдер”
Фото: видеодан скриншот
Әнші Тұрар YouTube-те «Сыр» жобасына берген сұхбатында жеке өмірі мен отбасы туралы ойларын бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол жұбайы мен туыстары арасындағы қарым-қатынас және отбасылық құндылықтарға қатысты ұстанымын ашық жеткізді.
«Мен үйдегілерге айтып қойғанмын: «Менің әйеліме ештеңе демейсіңдер. Ол жатады, боянады, не істейді, өзі біледі» деп айтқанмын. Сондықтан менің әйелім аяғын көтеріп қойып жатады», – деді әнші.
Тұрардың айтуынша, ер адам отбасы құрғанда, алдымен өз әйеліне қамқорлық танытып, туыстарының оның жеке өміріне араласуына жол бермеуі керек.
«Біріншіден, ол менің әйелім. Ол – келін емес, алдымен менің жұбайым. Егер сен әпкелеріңнің, әке-шешеңнің айтқанымен жүретін болсаң, үйленбе. Көлік алғанда әкеңмен, куртка алғанда анаңмен ақылдасып жүрсең, үйленбе. Ананың, әпкенің араласуы содан болады. Ал сен дайын болып үйлендің бе, туыстарың сенің құрған отбасыңа мүлдем араласпауы керек қой», – деп өз ойын жеткізді Тұрар.
Әншінің болашақ әйеліне қатысты пікірі көрермендердің арасында қызу талқыланып жатыр. Бірі Тұрардың пікірін қолдаса, енді бірі бұл ұстанымына күмәнмен қарайды.