Қазақстандық жұлдыздар Рамазан айында ауыл имамына көлік мінгізді (видео)

ЖАҢАЛЫҚТАР
4818

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Рамазан айында Шамалған ауылы имамына көлік мінгізді. Бұл туралы Ерғали Әбдірайымов өз Instagram парақшасында жазды.

Видеода "Жігіттер" тобының продюсері Жайсанғали имамға көлік табыстайтынын айтады.

"Біз бүгін осында жиналып отырған өнер қауымдары Жайсанғали деген бауырымызды қанша жылдан бері білеміз. Қолдан келгенше елге қызмет етіп жүрген азаматтың біреуі. Сол киелі Ораза айында біз ниет етіп, өнер адамдары жиналып, бір көлікті сыйлық ретінде ұсынсақ", - дейді Әбдірайымов.

Көлік кілтін имамға Мұқасан Шайзадаев табыстаған.

"Жәкеңді біраз жылдан бері өзіміз білеміз. Шын мәнісінде, бір қазақтың баласы болса, осы Жәкеңдей-ақ болсын. Жүрегімен таза Алла Тағаланың құлы болып, қазақ еліне, қазақтың баласына жасап жүрген еңбегі, ниеті дұрыс. Игілігіңізге мініңіз", - деді ол.

Сыйлыққа разы болған ауыл имамы қуаныштан көзіне жас алып, өнер адамдарына Алла разылығын тіледі.

author

Мейрамбек Беспаев

ӘНШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...