"Бірінші арна" операторы Димашқа тіл тигізді деген шудан кейін әншінің фанклубы оқиғ...
«Бәрін тоқтаттым»: Әнші Баянсұлу шығармашылығына қатысты күтпеген жаңалығын айтты
Фото: ашық дереккөзден
Соңғы уақытта желі қолданушылары арасында аса танымал бола бастаған әнші BAYAN SULU әлеуметтік желіде шығармашылығына қатысты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, кейінгі кезде әншіге "Неге жоқ болып кеттің?", "Продюсермен жұмыс тоқтаттыңыздар ма?", "YouTube-тағы әндер неге жоғалып кетті?" деген сұрақтар жиі қойыла бастаған. Сондықтан ол көпшіліктің сұрағына әлеуметтік желі арқылы жауап берген.
“Иә, расында да мен продюсермен жұмыс тоқтаттым. Әрине, бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ өмір болғаннан кейін, жұмыс болғаннан кейін қиындықтар болып тұрады. Мен бәрін Алла өзі реттеп береді деп ойлаймын, соған сенемін және соған қуанамын. Жақсы жаңалық та бар. YouTube-тан алынып қалған әндер қайтадан өз орнына шықты. Оған да қатты қуанып жатырмын Көп аналар жазып жатыр, "Кішкентай балам сізді тындамай шықпайтын еді үйден", "Балам жылап жатыр, неге таппай жатырмыз клипті?" Адамдарға осындай қуаныш сыйлай алатынымды көріп, шүкір етіп отырмын”, - деп жазды BAYAN SULU.
Сондай-ақ ол мұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан.
“Бұйырса, алда жоспарлар өте көп: жаңа әндер, жаңа клиптар, жаңа деңгей. Уақыты келгенде бәрін сіздермен бөлісіп отырамын. Маған тек сіздердің қолдауларыңыз керек. Сіздер қолдасаңыздар, мен тоқтамаймын. Сұрап, іздеп, қолдап жатқан әрбір тыңдарманыма үлкен рақмет! Мен сіздерді қатты жақсы көремін!”, – деді әнші.