Қайрат Мырзаханов қол көтеруге қатысты пікір білдірді

Фотосурет kaz.nur.kz сайтынан алынды

Шоу-бизнес
784

"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов әйел затына қол көтеруге қатысты пікір білдіріп, желіде қызу талқыға қалды. Өнер иесінің айтуынша, ақылсыз адам ғана өзіне қол көтерткізеді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

"Меломен" тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы келіншегі Нұрила Ақберген Instagram-дағы парақшасында Қайрат Мырзахановтың тікелей эфирінен үзіндіні жариялады. Онда әнші әйелдерге қол көтеруге қатысты ойын айтып жатқанын көруге болады.

"Мен ешқашан қол көтермегенмін. Сөдің шыны керек, өйткені, әйелім оған апармайды. Ақылды адам ондайға апармайды. Ақылсыз адам ғана өзіне қол көтерткізеді. Мен осыны жігіттердің атынан айтамын", - деді Қайрат Мырзаханов.

Өнер иесінің бұл сөздеріне Нұрила Ақберген пікір білдірді.

"Сұлуларым. Қол көтереді екен деп өзімізді ешқашан кінәлі сезінбейік! Қол көтереді екен деп ұратын адамды ақтамайық! Ұратын қолдың иесі ғана жауапты! Және де кінәлі! Ақымақ еркектер, әлсіз еркектер, еркексымақтар ғана әйелге қол көтереді! Қол көтергенін әйелдің ақымақтығына, ақылсыздығына асып қояды! Дегенмен, барлық ерлер дәл бұл видеодағыдай емес", - деді блогер. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...