«Бесік құдамыз»: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек балаларын атастырғанын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
610

Танымал тележүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек өздері туралы ел білмейтін жайтты ақтарды, деп хабарлады madeniportal.kz smartnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әзілкештер болашақта құда болғысы келетіндерін айтты. Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек бұл қалауының болашақта орындалуына ниет етіп, перзенттері дүниеге келмей жатып бесік құда болғандарын айтты.

"Менің келіншегім тұңғышымызға жүкті, ал Мараттың келіншегі үшіншісіне аяғы ауыр. УДС (УЗИ) түсуге барып менде ұл екенін, оныкі қыз екенін біліп, "құдеке" деп әзілдескен едік. Кейін екінші УЗИ-де бізге ұл деді. "Болды, енді құда бола алмаймыз" дегенде Мараттардыкі қыз екенін естідік. Сосын қайтадан "ооо, құдеке" деп әзілдестік", - деді Еркебұлан Мырзабек. 

Марат Оралғазин бұл айтылған сөздер әзіл болғанымен, болашақта орындалып жатса қатты қуанатынын жасырмады. "

Бұл, әрине, әзіл болды. Жақын дос болған соң әзілдеп, ырымдаған едік. Негізі ниет қой. Ниетіміз орындалып жатса, әрине, қуанамыз", - деп жауап берді Марат Оралғазин Динара Сәтжанға берген сұқбатында. 

АЙМАҚТАР

Астанада ҚХА қамқорлығымен этномедиация бойынша «Келіссөздер процесінің техникасы, этносаралық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін кәмелетке толмаған балалардың емі үшін мерзімінен бұ...