Жаханның экс-жұбайы Балжан Бидаш актердың жаңалығына пікір білдірді

Фото: коллаж madeniportal.kz

Шоу-бизнес
403

Әнші Балжан Бидаш бұрыңғы жұбайының жақсы жаңалығына өз ойын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Балжан Бидаш Жаған Отарғалиевтің қуанышты жаңалығынан кейін үнсіз отырмады. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында әр адамның бақытты болуға лайық екенін, дұрыс адам болып қалу маңызды екенін жазған. 

“Иә. Елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс/бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды”, - деген әнші. 

Сондай-ақ Балжан өзіне бақыт тілейтіндердің де көп екенін, қиын кезеңнен қалай өткенін де жаза кеткен. 

“Маған бақыт тілеп жазып жатқандар қаншама. Рахмет достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім”. 

Актер Жахан Отарғалиевтің видеосындағы жаңа қалыңдығын Балжанның өзі деп ойлаған оқырмандар да бар екен. Мұны әншінің жеке өзіне жазғандарға Балжан: “Олай ойлайтындарыңызды білгенде инстаға кірмей интрига жасамадық па?” деп әзілмен жауап берген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазгидромет алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын сипаттайды,&nbs...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов қасиетті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық...