«Сенуге болмайтын адам»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
206

Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мөлдір Әуелбековамен қазіргі қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. Сондай-ақ ол Балжан Бидашқа қатысты да ойын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Продюсердің сөзінше, Мөлдір Әуелбекова оның алдағы жобасына нақты қатыспайды. Ал Балжан Бидаштың қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз.

«Құдайға шүкір, Мөлдір Әуелбекова нақты қатыспайды. Ал Балжан Бидаш туралы әзірге білмеймін. Ештеңе айтпаймын. Тосынсыйлар болуы мүмкін», – деді Баян Алагөзова. (ВИДЕО)

Ол Мөлдір Әуелбекованың бұған дейін өзінен кешірім сұрағанын және сол кезде кешірімін қабыл алғанын жеткізді. Алайда продюсер бұрынғы жағдайдың қайталануын қаламайтынын жасырмады.

«Менің ойымша, екі рет бір арнаға кіру мүмкін емес. Мөлдір Әуелбекова бұған дейін де кешірім сұрап келген. Мен оған келісімімді беріп, жақсы деп қабыл алдым. Ал екінші рет мен қаламаймын. Маған қажет емес және мен енді сенбеймін. Сенуге болмайтын адам», – деді продюсер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне тазы сыйлағанын ай...

СПОРТ

Қазақстандық самбошы Болат Сапар Көшпенділер ойындарында аса ауыр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды...