«Немерем әлемге танылды»: Айнұр Тұрсынбаева ерекше жаңалығымен бөлісті

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
90

Коуч, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересі туралы ерекше оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Адамның есімі өміріне қатты әсер етеді дегенге қатты сенетіндердің бірімін. Немеремнің есімін әлем деп қоюым да жәйдан-жай емес еді. Әлемге танылсын, әлемге пайдасы тисін деген ниетпен аты қойылды. Сол ниеті қабыл болды ма, кім білсін бір ғана қылығы видеоға түсіп, 50 миллион қаралым жинап әлемнің назарын өзіне бұрды. Ол ешқандай сценарисіз, арнайы образсыз жәй ғана айфонды бассейнге лақтырып жіберді. Оны әлем көріп шетелдіктер тоқтаусыз пікір қалдырып жатыр. бұл сәт "Лувр" музейінің тарихында қалып, Әлем лақтырған телефон қабырғаға ілінді. Бүкіл әлем бұл тарихқа қарап жатыр", - деп жазды өнер иесі.

Өнер иесі мұндай қасқағым сәт жүрегінде ерекше қалғанын толқыныспен жазды.

"Балам мен келінім қаншама рет команда жинап, образ дайындап, ойланып видео түсіріп, жинай алмаған 50 миллион қаралымды, Әлем бір сәтте жинап бере салды. Осы видеодан кейін Әлемнің әке-шешесіне әлемдік компаниялардан ұсыныстар түсе бастады. Тіпті Абу-Дабидегі Лувр музейі осы видеодан кейін туристердің қызығушылығын арттырды. Ұлымның отбасына музейге кіруге тегін абонемент берді. Осылайша, Әлем өз есіміне сай әлемнің есігін еркін ашып келеді", деп жазды коуч. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Талдықорғанда жекеменшік теміржол тармағында болған оқиғаға байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Конституция жобасында аумақтық тұтастық пен жерге қатысты нормалар өзгеріссіз қалды, деп хабарл...