«Біраз құпияның басын ашамын»: Ерке Есмахан оқырмандарын ойландырып қойды

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
480

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына тосын жазба жариялап, жақын арада маңызды жаңалықпен бөлісетінін меңзеді, MadeniPortal.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта өзін қолға алып, ауқымды бір шаруаны аяқтағанын айтып, алдағы жаздың өзі үшін ерекше өтетінін жеткізді.

«Еріншектігім мен еркелігім басым болса да, өзімді қолға алып, үлкен шаруаны реттеп қойдым. Осы жаз ерекше қызықты болайын деп тұр мен үшін. Жақында біраз құпияның басын ашамын. Күтесіздер ма?», – деп жазды әнші.

Бұл жазба оқырмандардың қызығушылығын оятып, көпшілік әншінің қандай жаңалық жариялайтынын талқылап, болжам жасап көріп жатыр. Жанкүйерлері пікір қалдырып, алдағы құпиялардың ашылуын тағатсыздана күтетіндерін жеткізді. 

СПОРТ

Бүгін Алматыда қазақ футболындағы маңызды матчтардың бірі өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 ай ғарышта болған "Союз МС-28" халықаралық экипаж Қазақстанға, Байқоңырға келіп қонды, деп хабарла...