Қайрат Нұртастың әкесі Нұрсұлтан Назарбаев жайлы сөз етті

ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
2097

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде Астана қаласы жайлы пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әнші Астана қаласының ауа райына тамсанып, еліміздің бірінші Президенті жайлы сөз етті.

"Астанаға келіп қалдық. Шіркін, Астананың ауа райына жететін жер жоқ. Тап-таза, түтін десең іздесең таппайсың.  Бұрын жер жәннаты Жетісу деп жататын едік, қазір Астана. Әрине, Алматы да жақсы қала. БІрақ аздап тұншығатыным бар. Осы жерде енді жақсының жақсылығын айт, нұры таусылсын дейді. Осы жерде мен әрине пәк таза деп жатқаным жоқ. Алайда жақсылығын айтуымыз керек. Осы солтүстік жаққа көршіміз көз тіккенде Қостанай, Целиноград ауданы бар ала салайық деп. Сол кезде дереу басын жұмыс істеткізіп, Астанаға көшіп келген көкем ғой сол Назарбаев. Әйтеуір жанжалдасып жүріп салдырды ғой Астананы. Айналайын-ау, Қазақстанның ең көп қазақтар қоныстанған қаласы осы Астана емес пе", - деді Нұртас Айдарбеков.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...