Блогер әрі әнші Заңғар Нұртас әлеуметтік желідегі жазбасында ағасы Қайрат Нұртастың жеке өміріне қат...
Динара Сәтжан енесі және өзінің қандай ене болатыны жайлы айтты
Фото: әлеуметтік желіден
Танымал тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан желідегі парақшасында өзінің қандай ене болатынын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Айтуынша оған өзінің енесі үлгі болып жүр.
"Мен қандай ене болатынымды білемін. Менің екі бірдей үлгі тұтар адамым бар.
Мен жүрегі ашық ене боламын. Жақсылығын сөзбен емес, іспен көрсететін. Шартсыз сүйетін.
Мен тарапымнан тек қолдау ғана болады".
Журналист енесін де өз анасындай қабылдап, жақсы көріп кеткенін, үлгі болып жүргенін айтып берген.
"Өмірімде тағы бір Ана пайда болғанына бақыттымын. Тағы бір үлгі. Даналықтың қазынасы. Білімнің қазынасы. Оның кеңестерінде өмірлік мол тәжірибе бар. Өмірімізде болып жатқан жайттардың бәріне нақты түсіндірме береді.
Біздің Маманиды сіздер көп жылдан бері білесіздер. Ол – өте белсенді ене. Немерелерінің дүниеге келуінің көбіне қатысқан.
Есімде, @rauan_st: «Оның күш-қуаты менің балаларыма жете ме екен?» – деп уайымдайтын.
Меніңше, барлық шөберелеріне де жетеді, Құдай қаласа.
Аналарыңызды аялап жүріңіздер. Еркелетіңіздер! Қадірлеңіздер!", - деп жазды ол.