«Айтарым бар» подкастында Фариза Жұманова Абай Бегейге қалай тұрмысқа шыққанын баяндап б...
«Ерке Есмахан басқа жұлдыздарды көре алмайды»: Стилист Шолпан Кәрімхан сырын бөлісті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақ әншілерімен бірге жұмыс істеген белгілі стилист Шолпан Кәрім Ерке Есмахан мен Кәмшат Жолдыбаева туралы қызық дерекпен бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Шолпан Кәрімнің сөзінше Ерке Есмахан Кәмшаттың түрлі образдарын бір кездері көре алмаған көрінеді.
«Ерке Есмахан басқа жұлдыздарды көре алмайды. Менің өмірімде болған факт. Астанаға ұшып бардым, қолымда менеджерім бар. Кәмшат Жолдыбаеваның алтын түсті костюмін алып бардым. Мартта «Қыз сыны» деген Баян Есентаеваның жобасы болған. Сол кезде Кәмшат Жолдыбаеваның ерекше киіммен киіндіріп, даярлап жатқан кезінде, есімде чемоданды жайлап ашып, Ерке Есмахан көз қырымен қарап отырған.
Мен сол жобаны Кәмшат Жолдыбаевамен бірге жүзеге асырған кезде, көбісі сұраған. Дизайнеріңіз кім деп. Сол есімде қалып кетті. Ерке Есмаханның көз қырымен асықпай қарап тұрғаны. Сонда есімдегісі «мынау деген қатты қызығып жатыр ғой» дедім ішімнен. Себебі ол сахнаға ерекше киімдермен шықты», — деп ағынан жарылды стилист.