Ұжымның жеті мүшесінің барлығы бірдей Arirang альбомы мен ондағы әндерді марапаттың ешбір аталымына...
«Бұл дерттен арыламын»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
әлеуметтік желіден
Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов кешенді ем қабылдауды бастағанын айтып, бұған дейінгі әрекеттері үшін жұртшылықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Спортшының айтуынша, ол денсаулығын қалпына келтіруге кіріскен. Елеусінов емнің тек тамырға дәрі қабылдаумен шектелмейтінін, кешенді түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Қазір ем қабылдауды бастадым. Тек тамырға дәрі алу емес, жалпы кешенді түрде емделіп жатырмын. Алла қаласа, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Сондықтан бұған дейін болған жағдайларға мән бермеңіздер. Біреуді ренжітіп қойған болсам, ауыр сөздер айтып қойған шығармын. Кімде болмайды?» – деді ол.
Данияр Елеусінов бұған дейін тікелей эфирге шығып кететін әдеті болғанын айтып, енді мұндай жағдай қайталанбайды деп үміттенетінін білдірді. Сондай-ақ ол өзі айтқан дерттен арылуға байыппен кіріскенін мәлімдеді.
«Менің жаман әдетім – эфирге шығып кету. Бірақ енді ондай болмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл дерттен арылуға байыппен кірісіп отырмын. Бәрі жақсы болады. Жақында қайта қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады», – деді спортшы.
Боксшы нақты қандай дертке байланысты ем қабылдап жатқанын бұл мәлімдемесінде ашып айтпады. Ол жақын арада қалыпты өміріне оралатынына сенім білдірді.