Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мұрасы 6 адамға бөлінгенін айтты

ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
1049

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасынан қалған мұраның бөлінгенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, жолдасының өсиет жазып кетпегенін мәлімдеді. Күйеуі қайтыс болған соң оның мүлкі екі ұлы мен өзіне ғана емес, алты адамға бөлінгенін айтты.

"Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтуіміз керек болды. Яғни, басқа балалары бар ма, бар болса, олар дәлелдеуі керек деген сияқты тұстары бар. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі, яғни мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді", – дейді ол.

Сонымен қатар журналист бала тәрбиесінде де күйеуінің қаталдығы, ал өзіне жолдасының қолдау сөздері жетпей жүргенін айтты.  

"Үлкен ұлым Сағадат бағынбай кеткенде, "бұл ісің әкеңе ұнамаушы еді" деп айтамын. Себебі бала тәрбиесіне келгенде ұлдарыма әсер ететін басқа тәсілім жоқ. Ал өзіме келсем, Қайрекеңнің "қорықпа, бәрі жақсы болады" деген жылы сөзі жетпейді. Сол нәрсені сағынамын. Бұл жауапкершілікті мойныма алмаудың бір көрінісі шығар", – деді медиа маман. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...