«Елдегі қаралы жағдайды ескеру керек еді»: Мөлдір Мұқанның видеосы талқыға түсті

коллаж

Шоу-бизнес
296

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге Астанада өткен Қайрат Нұртастың концертіне барып, көңіл көтерген сәтінен видео жариялады. Алайда бұл жазба әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігінің сынына ұшырады. Олар Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейін мұндай видеоны жариялау орынсыз болғанын жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Желіде тараған видеода Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге концертте билеп, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады. Кадрларға пікір қалдырған оқырмандардың бір бөлігі оның көңіл көтеруіне емес, видеоны елде қаралы оқиғадан кейін жариялағанына назар аударған.

«Мөлдір қыз, қыдырсаң да, билесең де, елдегі қаралы жағдайды ескеріп, видеоларыңды жас кеткен боздақтардың жеті күні өткен соң жүктеуге болар еді. Көршінің үйіндегі қайғы – менің қайғым емес дегендей болдыңдар. Жастарға үлгі көрсетер жаста бола тұра...», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман:

«Кеше ғана қыршын кеткен 14 боздағымызды жер қойнына тапсырды. Аза тұтып, қайғырып үлгермей жатып көңіл көтерген видеолар жарияланып жатыр. Өте өкінішті», – деп пікір білдірген.

Кейбір қолданушылар шоу-бизнес өкілдері мен блогерлердің елдегі қайғылы жағдайларға көбірек назар аударуы керектігін жазған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынған Данияр Хайрушевтің ата-анасы Президентке үнд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы жойқын өрттен қаза тапқан 8, 6 және...