«Енемнің аяғын жуғым келеді»: Қазақстандық актрисаның мәлімдемесі қызу талқыға түсті

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1038

Ғабит Мүсрепова атындағы театр актрисасы Динара Нұрболат «LEP podcast» шоуында жан сырын ақтарып, желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Актриса анасына жасай алмаған жақсылығын енесіне көрсетуге ниетті екенін айтты.

«Мен енемнің аяғын жуғым келеді. Батасын алғым келеді. Өйткені, анамның аяғын көп жуа алмадым. Өзім шомылдырдым. Мен анама жасаймын деген жақсылығымның бәрін енеме жасаймын», — дейді актриса.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі қолдап жатса, түсінбей жатқандар да табылды.

«Енелер келініміз осындай болсын деп емес, қызымыз сен сияқты болсын деп жазыңдар», «өтірік соқпай ак қойыңдаршы», «мынандай келіннен айналып кетесің ғой» және «бар келін сіздей болса ғой» сынды пікірлер жазылып жатыр. 

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...