Танымал театр актрисасы Жұлдызай Дүйсенбиева қызықты оқиғасын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.&...
«Еркебұлан Тоқтарға жарасады»: «Қазақ аруы-2025» қуанышты жаңалығын айтты
коллаж: MadeniPortal.kz
«Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы Дәрия Қуатжан әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол жаңа үйіне көшкенін айтып, оқырмандарына баспанасын көрсетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Дәрия Қуатжан жаңа үйіне арнайы рум-тур жасап, баспанасының ішкі көрінісін көпшілік назарына ұсынған.
«Жаңа үйімізге рум-тур», – деп жазды ол.
Ару өзін құттықтап, жылы лебіз білдірген желі қолданушыларына алғысын жеткізді.
«Барша тілек білдірген жандарға алғыс білдіремін және сіздерге де жұғысты болсын», – деді Дәрия Қуатжан.
Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасып, жаңа қонысына құтты болсын айтып, жылы лебіздерін білдіруде.
"Күшті берекелі үй болсын", "Құтты берекелі шаңырақ болсын! Бағың жансын, жолың ашық болсын алтын қыз", "Осы қыз Еркебұлан Тоқтарға жарасады", - деген секілді пікірлер жазылған.