Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде жақынынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz....
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: «Жігіттер» тобының әншісі суыт хабар жеткізді
Instagram.com/erdoskanaev/
Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі парақшасында Сарыағашта тұратын жақын бауыры Бағланның өмірден өткенін хабарлап, көпшіліктің көңілін босатқан жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол марқұмның көзі тірісінде айтқан аманатын орындағанын жеткізді. Ердос Қанаевтың сөзінше, Бағлан сәбиі дүниеге келген кезде оған азан шақырып, есімін қоюды өтінген.
«Сарыағашта тұратын Бағлан бауырым (Алла рақым етсін) Раббысына қайтты. Осы кішкентай балапаны өмірге келгенде: "Ереке, өзіңіз азан айтып, атын қойып бересіз ғой" деген еді. Қысқа ғұмыр-ай... Бәкемнің аманатын орындадым», – деп жазды Ердос Қанаев.
Осылайша, ол өмірден өткен бауырының соңғы өтініштерінің бірін орындап, сәбиіне азан шақырып ат қойғанын айтты.
Ердос Қанаев марқұмды қимастықпен еске алып, оның қысқа ғұмырына өкініш білдірді.