Гүлзира Айдарбекова: "Алланың шеберлігін ұмытпасаңыздар екен"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
729

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасында болған жағдайларды пайдаланып, желіде жанұясын қаралауға тырысқандарға жауап берді. Қайрат Нұртастың анасы желіде азулы жазба жариялады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Гүлзира Айдарбекова қамауға алынған ұлына қолдау білдіргендермен қатар, отбасына қатысты түрлі қауесеттер таратып жатқандар да бар екенін жасырмады. Белгілі продюсер даулы мәселені пайдаланып, жұлдызды жанұяны қаралауға тырысқандар туралы ойын айтты.

Айдарбекова оларға деген өкпе-ренішін Instagram желісі арқылы жеткізді.

"Тас түскен жеріне ауыр. Ия Аллаға шүкір ең бастысы балам аман, шүкір! Менің өмірімнің бір бөлшегі сырым мен мұңымды, қуанышымды күнделікті бөлісіп отыратын өздеріңізсіздер. Бірақ басқа адамдарға таңым бар. Түрлі суретіңді қойып өздеріне салып, хайп жасап оқырман көбейту үшін білгендерін жасап отыр. Ол аздай өз адамдары астына пікір жазып, ойдан өсек құрап елді шулатып жатыр.

Не болып барамыз, соған сеніп ары қарай өсек өрбітетін қаншама адамдар бар. Бірігудің орнына бір-біріміздің етімізді жеп, мазақ еткенде "Сенде тұрсың, менде тұрмын кезекте" демекші, түсініп жақсылық тілеушілер жетерлік шүкір. Ал күнделікті өсектеп, жығылдың ба деген мысқыл қуанышымен бөлісе алмай күндес тұтқандар, Алланың шеберлігін ұмытпасаңыздар екен", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...