«Қарақат өзгеріп кетіпті»: Танымал әнші өзі жайлы сырды жария етті

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
150

Қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина қоғамда қызу талқыланып жатқан амандасу әдебіне қатысты пікірін білдірді. Өнер иесі Президенттің осы мәселеге қатысты айтқан сөзін қолдайтынын айтып, көптен бері көкейінде жүрген ойын ортаға салды, дп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әншінің сөзінше, қазақ халқы ежелден сәлемдесуге ерекше мән берген. Адамның тәрбиесі мен әдебі оның амандасуынан-ақ байқалатынын айтқан Қарақат Әбілдина қазіргі қоғамда қалыптасқан кейбір әдеттер өзіне ыңғайсыздық тудыратынын жасырмады.

«Сахнада ән айтып тұрғаныңда немесе көпшілік ортада бөтен ер азаматтардың құшақтай жөнеліп, бетіңнен сүюге ұмтылғаны өте ерсі, таза әдепсіздік дер едім. Тіпті Қыдекеңнің де ондайда кейбір кісілерді қайырып жіберген кездері болды. Тамыр-таныстар да құшақтап, сүйіп амандасып жатады. Әрине, мұның астарында жаман ниет жоқ. Қазақтың ақкөңілдігі ғой. Бірақ ақкөңілділік пен әдептің де ара-жігі бар. Бөтен ер мен бөтен әйелдің құшақтасып, сүйісіп амандасуы біздің ата-бабамыздан қалған амандасу әдебіне тән емес», – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Әнші бұдан былай өзі де осы қағиданы ұстануға ниетті екенін жеткізіп, жақын араласатын әріптестері мен достарына алдын ала ескерту жасады.

«Қанша жақсы көрсек те, құрметімізді міндетті түрде құшақтасып, сүйісіп дәлелдеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Ертең кездескенде қолымды созып, құшақ жаймай қалсам, “Қарақат өзгеріп кетіпті” демеңіздер. Қолымды жүрек тұсына қойып амандассам, сіздерге деген құрметімнің кемігені емес. Керісінше, құрметпен ізет білдіргенім деп біліңіздер», – деді әнші.

Осылайша Қарақат Әбілдина қоғамдағы амандасу мәдениетіне қайта мән беріп, ер мен әйел арасындағы сәлемдесуде арақашықтық пен әдепті сақтауды қолдайтынын білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ер адам тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатының терезесінен дәрет сындырған, деп хабарлайды Mad...