«44 жасқа келдім, бірақ...»: Динара Сәтжан ел күтпеген жазба жариялады

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
207

Танымал тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан 44 жасқа толған туған күнінде өмірге деген көзқарасы мен бақыт туралы ой бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында студент кезінде 40 жастағы адамдарды қартайып қалғандай қабылдағанын, алайда бүгінде өзін 20 жасындағыдай сезінетінін айтты.

«Бүгін мен 44 жасқа толдым. Таңғы 7:50-де ояндым. Өзімді шамамен 20 жасымдағыдай сезінемін. Басым ауырмайды, белім сырқырап тұрған жоқ. Жан дүниемде от жанып тұр! Жастық деген – әжімнің болмауы емес. Жастық – ертең не болатыны саған әлі де қызық болған кез», – деп жазды ол.

Динара Сәтжан өзін жас сезінуінің бір себебі ата-анасы мен жақындарының жанында болуы екенін жеткізді. Оның айтуынша, бақытты болу үшін қажет нәрсенің бәрі – отбасы, туған-туыстары, достары мен сүйікті ісі – өз өмірінде бар.

Сондай-ақ кәсіпкер Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқысы келетінін атап өтті. Ол жұмыс орындарын ашып, адамдарға жаңа мүмкіндіктер беруді мақсат ететінін айтты.

«Бүгін қорытынды жасағым келмейді. Бес жылдық жоспар құрғым келмейді. Қанша іс атқарғанымды, алда қанша жұмыс тұрғанын есептегім келмейді. Бүгін мен жай ғана өмір сүргім келеді! Өмірге бәрі үшін рақмет айтқым келеді. Ең қызығы әлі алда!» – деп түйіндеді Динара Сәтжан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған Әділетхан Молдаханның жақындары апелляциялық сот қарсаңында...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыс Қазақстан облысында аудандық сот қазақстандықтың өз әкесіне қарсы берген талап арызын қарап,...