BTS «Грэмми-2027» сыйлығына қатысудан бас тартты

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
277

Ұжымның жеті мүшесінің барлығы бірдей Arirang альбомы мен ондағы әндерді марапаттың ешбір аталымына ұсынбайтын болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мұндай шешімге АҚШ-тың Дыбыс жазу академиясының «Үздік азиялық поп-музыкалық орындау» (Best Asian Pop Music Performance) атты жаңа өңірлік аталым енгізуі себеп болған.

Топ мүшелері әлеуметтік желідегі парақшаларында мәлімдеме жасап, музыканы географияға немесе тілге қарап бағаламауға шақырды.

Биыл біз «Грэммиге» өтінім бермеу туралы шешім қабылдадық. Музыканы оның шыққан еліне немесе тіліне қарап емес, өнер ретінде қабылдағанын қалаймыз. Бізді әрдайым қолдап келе жатқан ARMY қауымдастығына және барлық жанкүйерімізге алғыс айтамыз, – деді BTS мүшелері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол-көлік оқиғасы 13 тамызда Астанадағы Түркістан көшесінде болған. Жасөспірімдердің бірі Yutong авт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата-ананың өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысы...