«Курсын өткізу үшін қызына үй мен көлік сыйлады»: Тележурналист блогер Дарханды сынға алды

коллаж: madeniportal.kz

Шоу-бизнес
4762

Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Журналисттің сөзінше, Асхат Садырбай ресми түрде жалақысын 140 мың теңге деп көрсетіп, алимент мөлшерін мақсатты түрде азайтып отыр.

«Сіздің жауабыңызға мен қанағаттанбадым. Мен дәл осылай блогер Дархан Жолшыбекті сынағам. Табыс деген миллион, бір басында бірнеше үйі бар. Бірақ өзінің науқас қызына 15 мың теңге береді. Одан кейін курсын ойнату барды да пәтер берді, көлік берді. Оның барлығы екіжүзділік. Ол жасаса өзінің қызы үшін жасайды ғой. Неге ол қоғамнан қысым көргеннен кейін жасайды. Егер енді сіз жомарт болсаңыз, неге барлық жұмыс орындарыңыздың жалақысын көрсетпейсіз», - деді Руслан Өтепбай.

Асхат Садырбай болса еш кідірместен телефонын ақтарып, журналистке баласына аударған ақшаларын көрсете бастады.

«Тағы да айтамын. Мен келісімшартпен жұмыс істегеннен жалақым солай көрсетіледі. Ал алиментті ресми түрде көтеру керек болса көбейтеміз», - деп қысқа қайырды Асхат Садырбай.

Еске сала кетсек, күні кеше Асхат Садырбайдың экс енесі күйеу баласының сөзін жоққа шығарған болатын.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...