“Ота жасауға тура келеді”: Гүлзира Айдарбекова денсаулығына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
661

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты қайта ота жасау қажет болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, бұған дейін Қырғызстанға барып, өтіндегі тасты алдырғанымен, кейін дәрігерлер өт қабының толыққанды жұмыс істемей тұрғанын анықтаған.

«Қырғызстанға барып, тасын алдық деп қуанып жүргенімде, дәрігерлер өт мүлде жұмыс істемей тұрғанын айтты. Сондықтан Қырғызстанға бармай-ақ, Қазақстанда өтті толық алдырған дұрыс екен. Енді қайтадан ота жасауға тура келеді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ продюсер соңғы уақытта ағасының сырқаттанып қалғанына қатты алаңдағанын да жасырмады. Оның айтуынша, жақынының жағдайы біршама жақсарған.

«Ағамның беті бері қарады. Өзім де уайымдап, мазам қашып жүрген еді. Аллаға шүкір, енді шаруаларыммен Шымкентке жолға шықтым. Алла баршаңызға, бауырларыңызға және отбасыларыңызға амандық берсін», – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...