Бағлан Әбдірайымов: “Қазір барлығын әйел шешеді”

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1614

Әнші, продюсер Бағлан Әбдірайымов инстаграмдағы парақшасында киносын көрген көрермендерге 6 көлік сыйлайтынын айтып видео жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әнші жариялаған видеоның астына киноны көрген көрермендер “авто” деп жазса, көлік сыйлайтынын жазған. Ал видеоның өзінде бір досының әйелінің айтуымен басқа киноға барған оқиғасын айтқан. 

“Досым бала-шағасын алып осы біз түсірген киноға барған. Тура кірейін деп тұрған кезде келіншегі “Анда-санда демалысқа шығамыз, құмар ойын туралы, қарыз туралы, үйдегі онсыз да болып жатқан проблемалар ғой, бұны көргенше, кішкене күліп демалып қайтайық” депті. Досым келәншегінің сөзіне еріп, қайдағы жоқ бір киноны көріп шыққан ғой. Кейін айтады, Бәке ренжімеш киноны көре алмадым дейді”, - деп оқиғаны айтып берген әнші. 

Сондай-ақ, Бағлан Әбдірайымов қазір барлық жерде тізгінді әйел кісілердің ұстап жүргені өкінішті деп өз ойын білдірген. 

“Бүкілінде қыз-келіншектер. Медиа саласында да үлкен-үлкен жобалардың барлығын, жаңа жылдық сьемка болсын өкінішке орай әйел кісілер тізгіндеп жүр”, - дейді Бағлан Әбдірайымов. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...