Ләйлә Сұлтанқызы сын айтқандарға жауап берді

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
233

Тележүргізушілер Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкейдің қыз ұзату рәсімінде ән айтуы әлеуметтік желіде талқыға түсті. Кейбір қолданушылар олардың отбасылық жағдайын сөз етіп, ұзатуға қатысуын «жаман ырымға» балаған. Ләйлә Сұлтанқызы мұндай пікірлерге Threads парақшасында жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тележүргізуші өз тағдырына қатысты орынсыз пікір айтқандарға ренішін білдірген.

«Как будто мен осындай тағдырды, өмірді Құдайдан сұрап алғандай, стереотипке жатып алған қыз-келіншектер, сіздерге не болды?» — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Оның айтуынша, қос тележүргізуші ұзатылған қыздың жеке өтінішімен ән айтып, шығарып салған. Қалыңдық — екеуінің де шәкірті, журналист Дина Ораз.

«Кеше әріптесіміз, Айгүл Мүкей екеуміздің шәкіртіміз, талантты журналист, сіңліміздей болып кеткен Дина Оразды (жеке өтініші бойынша) ұзатуында ән айтып, бірге шығарып салған едік. Ойбай, жесір бүйтпейді, сөйтпейді деп жеп жатырсыздар», — деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы ұзатуда ән айтатын өзге әйелдердің де жеке өмірін жұрт біле бермейтінін айтып, сыншыларға сауал тастады.

«Стоп, сонда сіздер анау ансамбльде өлең айтып, шығарып салатын қыз-келіншектердің тағдырларымен таныссыздар ма?» — деп жазды тележүргізуші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кенияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, кемінде 22 адам көз жұмды. Тағы 24 адам медиц...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше...