Баян Алагөзова Арман Дүйсеновтың ұлы көз жұмардан 10 күн бұрын көмек сұрағанын айтты (видео)

коллаж: politico.kz

Шоу-бизнес
1655

Бүгін Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

Осы қаралы хабардан кейін Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде Абылайдың оншақты күн бұрын қабарласқанын мәлімдеді.

«Осыдан 10-12 күн бұрын маған Абылай хабарласқан еді. Ол баланы көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған. Туған әпкесіне хабарласқандай, көмек сұрады. Түсінгенім бойынша, бір бағдарламада марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланады екен. Оған бірнеше шоу-бизнестегі адамдар қатысып, марқұм туралы жағымсыз ақпарат айтыпты. Ол кезде бағдарламаның эфирге кететініне екі сағат қалған. «Абылай, сен кеше хабарласқаныңда көмектесер едім. Бірақ екі сағат қалғанда қолымыздан ештеңе келмейді», дедім. Ол баланың жанайқайы әкесінің атына жағымсыз пікір айтылғаны еді», – деген еді продюсер Баян Алагөзова.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды, деп хабарлайды MA...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде "Меломен" тобының экс-әншісі Жігер Ауыпбаевтың күйеу жігіт образында жүрген видеосы тарады, -...