Танымал әнші Балжан Бидаш ерекше образдағы суреттерін жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Әнш...
“Бос уақыт болса, жаман ой келеді”: Азамат Сатыбалды күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақстандық актер Азамат Сатыбалды бос уақытты тиімді өткізу туралы ойын айтты, деп хабарлайды
Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде күтпеген жазба жариялап көрермендерін жақсылыққа шақырды. Өнер иесінің сөзінше, адамның мүмкіндігінше бос отырмағаны дұрыс. Себебі бос уақыт түрлі жағымсыз ойларға, өсек айтуға және теріс әрекеттерге итермелеуі мүмкін.
«Бос уақыт болса, жаман ой келеді, өсек айтасың, харам тірлікке баруың мүмкін. Соның бәрін шектеу үшін өзіңді әртүрлі жұмыспен жүктеп отыру керек», – деді актер.
Танымал актер осылайша уақытты пайдалы іске жұмсап, үнемі әрекетте болуға шақырды.
Айта кетейік, Азамат Сатыбалды - қазақ киносы мен театр өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан актер. Ол 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген және көпбалалы отбасындағы тоғыз баланың кенжесі. Көрерменге «Томирис» фильміндегі Каваз рөлі арқылы да жақсы таныс. Сонымен қатар, оның жары Назгүл Қарабалина да актриса, яғни өнерлі отбасы театр мен кино саласында қатар еңбек етіп келеді.